Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Алматы, NEGE. Коронавирустан 38 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш қазақстандық көз жұмды. 11 шілдедегі мәлімет бойынша 39 619 адам коронавирус инфекциясынан (38 171 КВИ және 1 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 910 пациент стационарда, 26 709 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

795 адамның жағдайы ауыр,

175 пациенттің жағдайы өте ауыр,

102 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 454 825 қазақстандық жұқтырды.