Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 86 науқастың жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 55 837 адам коронавирус инфекциясынан (–54 157+ және 1 680 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы, NEGE. Олардың ішінде 5 516 пациент стационарда, 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 211 адамның жағдайы ауыр,

• 86 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.