Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 72 науқастың жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 209 адам коронавирус инфекциясынан (–15 855+ және 2 354 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында.

Алматы, NEGE. Олардың ішінде 2 776 пациент стационарда, 15 433 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 248 адамның жағдайы ауыр,

• 72 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.