Коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның жағдайы ауыр.

Алматы, NEGE. Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 4166 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 330 сәби бар, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы. Стационарларда 2339 науқас жатыр, 1827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 154 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады