Қазақстанда коронавируске шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр

Алматы, NEGE.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған