Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты

Бір тәулікте тағы 446 науқас  тіркелген.  Олардан бөлек 616 адам өзі ауырмағанымен өзгеге жұқтырушы деп танылған.

Алматы, Nege. 21 маусымда түске дейінгі дерек бойынша, елдегі коронавируспен ауырғандардың саны 17 225-ке жетті. Бұл дерттен айыққандар - 10 671. 118 адам көз жұмған. Ауру жұқтырғандардың саны бойынша Алматы қаласы алға шықты. Мұнда науқас саны 3 358-ге жеткен.  Алматыдан бөлек індет күшейген қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан, Шымкент жатады. Ал облыстар бойынша Қарағанды және Атырау облысында жағдай күрделене түскен.  

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі