Қазақстанда қылмыс азайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Алматы, NEGE. Президентке Ішкі істер министрлігінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен криминогендік ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Министрдің айтуынша, еліміздегі қылмыс көрсеткіші 37 пайызға төмендеген, сондай-ақ, ұрлық, қарақшылық, тонау, бұзақылық және зорлау түріндегі қылмыстардың да саны азайған. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейі артқан.

Жол-көлік оқиғаларының және соның салдарынан жарақаттанған, қаза болған адамдардың саны қысқарған. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр