Қазақстанда кепілді электронды тіркеу іске қосылады

Шілде айынан бастап республика бойынша кепілді электронды тіркеу іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы кездесу барысында мәлімдеді.

Министр айтып өткендей, жылжымайтын мүлік иелерінің тарапынан қаржылық және жеке уақыт шығындарын қысқарту мақсатында кепілді тіркеу екінші деңгейлі банктермен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық форматқа көшірілген.

Осы өзара іс-қимыл шеңберінде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға жүгінуінің қажеті жоқ, өйткені тіркеу үшін кепіл туралы мәліметтерді банктер тіркеуші органға электрондық форматта дербес жібереді.

Жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеуді жүзеге асыру процесі келесі айда іске қосылады

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды