Қазақстанда қанша тест қалды?

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы ПТР тест қоры туралы пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Қалалық денсаулық сақтау басқармасы күн сайын қаладағы зертханаларда жүргізілген тестілеу саны мен қанша тест қалғанына мониторинг жүргізеді. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, алдағы 10-15 күнге жетерлік тест бар. Одан кейінгі тесттерді сатып алу жұмыстарын зертханалар жүргізеді. Мұның барлығы бақылауда», – деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, күн сайын елордада 4,5 мыңға жуық адам тест тапсырады және өзге медициналық ұйымдарды қайта жабдықтау арқылы төсек-орын саны да қамтамасыз етіледі.

Қазір оқып жатыр

Qamalladin University-дің швейцариялық серіктесі туралы не белгілі?

Алматыда көліктерді жасырын патрульдер бақылайды

Дуалдан 15 млн теңге лақтырған: Қостанайда блогер сотталды

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді