2 октября 2022 г. 15:40

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс жасап жүр?

Фото:

Елімізде 15 500-ден аса сырттан келген азамат жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. Елімізге негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстаннан жұмысшылар көп келеді екен. Олардың көбі құрылыс саласында. Бұл секторда қазір 6 мың 139 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.

Жалпы, елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 748 кәсіпорын бар. Оларда 400 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызын көрсетеді.

Тегтер: