14 сентября 2023 г. 13:01

Қазақстанда «Камызяки» КВН командасының концерті өтпейтін болды

Фото:

Азамат Мұсағалиев жетекшілік ететін ресейлік «Камызяки» КВН командасының концерті  Қазақстанда «қоғамның теріс пікіріне» байланысты ресми түрде тоқтатылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы концерт ұйымдастырушысы Ольга Ли мәлімдеді.

Онлайн-платформалар өкілдерінің айтуынша, ұйымдастырушылар билет сатылымын жабу туралы шешім қабылдаған. 

«Камызяки» тобының әртістерінің әрекеттеріне қатысты қоғамдағы жағымсыз пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы «Камызяки» командасының жеке концерттерінің бүкіл Қазақстан бойынша гастрольдік сапарын тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Билеттерді қайтару мәселесіне қатысты қазақстандықтар сатып алу үшін төлем жасаған билет операторларына хабарласа алады.

Тегтер: