Қазақстанда халықаралық такси қызметінің бірі жұмысын тоқтатады
Он бес елде жұмыс істейтін DiDi қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады.
Алматы, NEGE. «Біз өз миссиямыз – жолаушылар мен серіктестеріміздің күнделікті өмірін ыңғайлы етіп, ең жақсы қызмет ұсыну деп есептейміз. Өкініштісі, біз мұны Қазақстанда бұдан былай жалғастыра алмаймыз. Мұнда DiDi 2022 жылдың 4 наурызынан бастап жұмысын тоқтатады», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Олар іске қосылған сәттен бастап өздерін қолдаған барлық жүргізуші мен жолаушыға алғыс білдірді.
«4 наурызға дейін әдеттегідей DiDi қызметіне жүгіне аласыз», – деп толықтырды компания.
2021 жылдың желтоқсанында Uber Қытайдағы «ашық емес нарық» салдарынан DiDi-дегі үлесін сататыны туралы хабарлады. Компанияға 12,8%-і тиесілі.
DiDi – такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін ұсынатын Қытай конгломераты. Компания 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстанда шамамен бір жыл бұрын пайда болған еді.