Қазақстанда ет қымбаттайды

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда алдағы уақытта ет пен нанның қымбаттауына не себеп болатынын айтты.

Алматы, NEGE. «Қарашада жылдық инфляция біздің күткенімізден төмен қалыптасып, 5,4 пайыздық көрсеткіште болды. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», – деді Досаев Үкімет отырысында.

ҰБ төрағасының айтуынша, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр.

«Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін», – деді ол.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды