Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, 2020-2025 жылдар аралығында тариф бірдей болған. Ал ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:
Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен.
- жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
- курстық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың ұлғаюы (қазандық-турбиналық, сорғы, күл ұстағыш);
- бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
- "Богатырь Көмір" ЖШС көмір құнының өсуі.
"Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген уақыттан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасында.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, ол 25 наурызға дейін талқыланады.