30 июля 2023 г. 18:10
Қазақстанда екі ауыл таратылуы мүмкін
Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін.
Алматы, NEGE. Порталда Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі жарияланған. "Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін", - делінген хабарламада.