Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы көтерілді.

Алматы, NEGE. Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 0,24 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 429,74 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,50 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,69 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 17 теңге.

Нұр-Сұлтанда доллар 429,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 430, 87 теңге.

АҚШ долларының бағасы күн санап көтеріліп жатыр.