Қазақстанда дизель қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда дизель қымбаттауы мүмкін. Qazaq Oil компаниясы бағаға қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Өкінішке қарай, біздегі дизель бағасы көршілес елдермен сәйкес келмейді. Сондықтан Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көліктері жанармай бекеттерінен 1000 немесе одан да көп литр сатып алады. Бұл бағаның өсуіне әкеліп отыр», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Qazaq Oil компаниясы қазан айында Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге жабылатынын атап өтті. Сондықтан дизель отынын Ресей Федерациясынан импорттау қажет болады. Соның салдарынан бұл жанармай құю бекеттерінде сату бағасының өсуіне әкеледі, өйткені сатып алу бағасы мен оған байланысты шығындарды ескеру қажет.

«Соған қарамастан, дизель отынның жаңа көлемі пайда болған кезде бағаның өзгеруі кезең- кезеңімен болады. Бұл жағдайда бірінші кезектегі міндет - бүкіл тұтынушыларды дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз ету және барлық міндеттемелерді уақытында орындау керек», – деп түсіндірді Qazaq Oil.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді