Қазақстанда демалыс күндері қар жауады
«Қазгидромет» РМК 2023 жылдың 8-10 сәуіріне ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
«Республика бойынша жел соғып, тұман түседі: оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді; солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді», - делінген хабарламада.