Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Коронавирустың жаңа штамдары шығып жатыр. Вирус тағы өршісе халық былтырғыдай дәрі іздеп тентіреп кетпей ме? Қазақстанда дәрі қоры, ИВЛ аппараттары жеткілікті ме?

Nege.kz сайты жолдаған сауалдарға Орталық коммуникациялар қызметінде  ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді.

"Былтырдан бастап ауқымды ұйымдастыру жұмыстарын атқарып жатырмыз. ИВЛ аппараттарын бүкіл Қазақстанға таратып, әкімшілік тарапынан да талай медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондықтан, ол жағынан біздің дайындығымыз бар. Дәрі-дәрмек жөнінде айтсақ, әр облыста қорлар ашылған. Екі айлық қорды медициналық ұйымдарда және "СК Фармацияда" ұстап отырмыз", - деді Марат Шоранов.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады