20 июля 2022 г. 11:58
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 мың жаңа дерегі анықталды
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 2 мың жаңа дерегі анықталды, деп хабарлады коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
Алматы, NEGE. «Өткен тәулікте коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 1959 жаңа дерегі тіркелді. Барлығы елімізде 1 321 453 жағдай расталып отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Аурудың өршуі бойынша көш бастап тұрғандар: Алматы – 597 жағдай, Нұр-Сұлтан – 586 және Шымкент – 105.