Қазақстанда бір тәулікте 1038 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 1038 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Алматы, NEGE. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 112, Алматы қаласында - 143, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 79, Ақтөбе облысында - 15, Алматы облысында - 52, Атырау облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Жамбыл облысында - 9, Батыс Қазақстан облысында -17, Қарағанды облысында - 112, Қостанай облысында - 113, Қызылорда облысында - 18, Маңғыстау облысында - 13, Павлодар облысында - 125, Солтүстік Қазақстан облысында - 141, Түркістан облысында - 14.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 957 537-ге жетті, барлығы 915 369 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 15 қарашадағы есеп бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 539 432 адам, 2-компонентін 7 817 732 адам салдырды.