6 октября 2022 г. 15:30

Қазақстанда білім беру қанша пайызға қымбаттады?

Фото:

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. 

 

Алматы, NEGE. "Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты.

Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттады.

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті", - делінген статистика мәліметінде.

Тегтер: