Қазақстанда белгілі бокс бапкері қайтыс болды

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Мassaget.kz.

Алматы, NEGE. Маманның неден көз жұмғаны нақтыланбады. 

Феликс Цойдың шәкірттері, танымал спортшылар Ангелина Лукас пен Фируза Шарипова бапкердің отбасына көңіл айтты.

Феликс Цой - Жамбыл облысының құрметті азаматы. Ол 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионаттарының жүлдегері (алтын 1999, күміс 1995, қола 1997) Болат Жұмаділовтің бапкері болды.