Қазақстанда банктер мен банкоматтар жұмыс істеп тұр – агенттік
Алматы мен Талдықорғанды қоспағанда Қазақстанның бүкіл өңірлерінде екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды.
Алматы, NEGE. «Алматы мен Талдықорғаннан басқа аймақтарда банк бөлімшелері қалыпты жұмыс істеп жатыр. Ал Алматыда бүкіл бөлімшелердің жұмысы жанданған жоқ. Банктер түгел қашықтан жұмыс істеуде, барлық қызметтер мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады», - деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Олардың деректеріне сай, елде, Алматы мен Талдықорғанды қоспағанда, барлық банкоматтар жұмыс істеп тұр. Алматыда қолданыстағы банкоматтар саны шектеулі.
«Барлық банкоматтарда жеткілікті көлемде ақша бар», - деді ведомстводан.