Қазақстанда ауа-райы бұзылады

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғады, – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 17 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетауда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.