Қазақстанда ауа сапасы нашарлайды

2022 жылғы 23 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодар (1-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Алматы, NEGE. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.