28 июля 2022 г. 9:53

Қазақстанда аптап ыстықта айына 200-ден астам адам жедел-жәрдем көмегіне жүгінген

Фото:

Қазақстанда ыстық салдарынан айына 200-ден астам адам жедел-жәрдем көмегіне жүгінеді екен, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Алматы, NEGE. «Жаздың жанып тұрған кезі. Аптап ыстық. Шілдеде «жоғары ауа температурасының әсерінен» жедел-жәрдемге 211 адам жүгінді. Маусымда бұл сан 234 болды», - деді Дудник брифингте.

Дудниктің ақпарынша, әсіресе егде жастағы, жүрек-қан тамырлары, бүйрек ақауы, семіздік, қант диабеті секілді қосымша аурулары барларға, балаларға, жүкті әйелдерге және ішімдік ішкен адамдарға жиі күн өтеді екен.

Бұл ретте ол суды көп ішуге, ашық түсті киім киюге және ауа баптағышы бар бөлмелерде көбірек болуға кеңес берді.

Тегтер: