Қазақстанда алып игуана табылды

Әлеуметтік желіде алып кесірткенің видеосы тарап кетті. Автор оны Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында түсіріп алғанын айтады.

 

Алматы, NEGE. Аталған тіршілік иесі жайлы эколог Кирил Осин анықтама берді. Оның айтуынша, видеодағы жәндік – игуана тұқымдасына жататын кесіртке.

«Бұл – бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отряды, игуана тұқымдасына жататын ең үлкен кесірткелердің бірі. Игуана - ұзақ эволюциялық өзгерістерден өткен ежелгі тұқымдастар. Олардың динозаврға ұқсайтыны да сондықтан. Теңіз жағалауында жатқанына қарағанда Ақтау тұрғыны пәтерінде асыраған болуы керек. Өліп қалған соң мұнда әкеліп лақтырып кеткен. Негізі игуаналар ағашта өмір сүреді. Бүгінгі таңда кейбіреулер экзотикалық жануарларды үйінде өсіреді. Бұл дұрыс емес. Мұны қадағалайтын заң қабылданбағандықтан адамдар ойына келгенін жасайды», – дейді Кирилл Осин.

Қазір оқып жатыр

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?