Қазақстанда алдағы күндері үсік жүреді
2022 жылғы 16-18 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды.
Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз өтеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен апта ортасына қарай ауа температурасы төмендейді.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі.
Республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде:
- батыста түнде 15 28°С, күндіз 30 40°С,
- солтүстік-батыста түнде 3 12°С, күндіз 15 25°С,
- солтүстікте түнде 2 7°С дейін, күндіз 12 17°с дейін,
- орталықта түнде 3 12°с дейін, күндіз 13 23°С дейін,
- шығыста түнде 2 11 °С дейін, күндіз 12 20°С дейін,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10 18°С, таулы аудандарда 3 8°С болжанады.