Қазақстанда алдағы күндері ауа райы 20°C-қа дейін жылынады
Қазгидромет синоптиктері 30 қараша мен 1,2 желтоқсанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, суық антициклон Қазақстан аумағынан бірте-бірте ығысады.
"Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы батыс циклоны келеді, соған орай жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін жылы, Түркістан облысында 20 жылы градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.