Қазақстанда 8 миллионға жуық адам ұшақпен ұшқан

Әуе тасымалы рекордтық деңгейге жетті: он бір айдың қорытындысы бойынша әуекомпаниялар 7,9 миллион адамды тасымалдаған. Әуе компанияларының табысы бір жылда 16 пайызға артқан. Бұл туралы Finprom сарапшылары зерттеу жасаған.

Алматы, NEGE. Олардың мәліметінше, биылғы қаңтар-қараша айларында ҚР әуе көлігімен 7,9 миллион адам тасымалданған – өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (7,3 миллион адам) 7,5 пайызға артық.

Бұл бүкіл тарихтағы жолаушылардың ең көп саны.