Қазақстанда 7,2 миллион адам вакцина алды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы соңғы мәліметті жариялады.
Алматы, NEGE. 17 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 259 649 адам алған.
Ал екпенің екінші компонентін салдырғандар саны - 6 108 540.