Қазақстанда 5G мобильді байланысын енгізу үшін электронды аукцион басталды

Қазақстанда алғаш рет 5G бесінші буынның мобильді байланысын енгізу және дамыту жұмыстарын жүргізу үшін компаниялар арасында электрондық аукцион басталды, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бәсекелестікке жағдай қамтамасыз ету мақсатында конкурстың талаптарына сәйкес келетін компаниялар қатыса алады.   Аукцион өткізу, 5G технологиясы үшін радиожиіліктерді таратудың ашық механизмін ұсынады.  

Бұл жаңа операторлар үшін жаңа бәсекелестік ортаны құруға серпін береді, тарифтердің бағасын төмендетуге және интернет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

5G технологиясын дамыту үшін бірнеше жылдар қажет. Алайда осы уақыт ішінде трафиктер едәуір үлкен көлемде дамып, жаңа қызметтер пайда болады.

«Бүгін біз азаматтарымызға сапалы заманауи сервистерді ұсыну үшін, жаңа ұялы байланыс жүйесін енгізуді көздеп отырмыз», - делінген хабарламада.

Конкурс шарттары:  

- телекоммуникацияның тармақталған магистральдық желісі

- кемінде алты облысты, республикалық маңызы бар қалаларды және Астананы қамтитын ұялы байланыс

- тиісті мемлекеттік лицензия

- компанияның тарату немесе банкроттық сатысында болмауы керек екендігі туралы растау

- кепілдік жарнаны төлеу