Қазақстанда 5G интернет қашан қосылады?

Елорда мен оңтүстік астананың кей жерлерінде 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр.

 
Алматы, NEGE. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты.
 
«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр» деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында.
 
Оның сөзіне сенсек, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады