Қазақстанда 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Бұл нысандарды салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған.

Алматы, NEGE. ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізіледі.

Атап айтқанда, 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беріледі. Олар: полипропилен өндірісі; бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі; метанол өндірісі; полиэтилентерефталат өндірісі; Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты.

«Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд.АҚШ долл) өседі», - деп атап өтеді министрліктен.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды