Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады 

Қазақстанда 40 градус аптап болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстіктегі жекелеген аудандарда құмды дауыл болады.

"Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте - 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста - 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте - 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті