Қазақстанда 40 градус аяз болады

Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы,  NEGE. 2 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оралда ертең түнде және таңертең тұман күтіледі.

2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.

Сонымен қатар, 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде 43 градусқа жетуі мүмкін.

Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде 42 градусқа дейін аяз күтіледі.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды