Қазақстанда 36 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда 36 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" синоптиктері 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Метеорологтардың айтуынша, Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі.

"Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С  жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды