Қазақстанда 33 градусқа дейін күн суытады

Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр.

Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша,18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны Қазақстандағы ауа-райына ықпал етеді.

Республикамыздың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, ал солтүстік өңірлерде боран ұйытқып, қар жауады деп күтіледі. 19 ақпаннан бастап, республикамыздың басым бөлігінде антициклонның келіп жетуіне байланысты ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп күтіледі. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнде -15-33 ℃, оңтүстікте -5 ℃, кей жерлерде-10-15 ℃ дейін сынап бағаны төмендейді, деп атап өтті синоптиктер.

Республикамыздың кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі байқалады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды