Қазақстанда 27 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді
Бүгін - азаматтық қорғау органдарына 28 жыл. Ширек ғасыр ішінде елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алуға мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Сондай-ақ, 1,5 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы сатып алынып, 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды. Кәсіби кадрларды даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Азаматтық қорғау академиясын 5 мыңнан астам маман бітіріп шықты. Биылдан бастап алғаш рет курсант қыздар оқуға қабылдануда», - деді спикер баспасөз конференциясында.