Қазақстанда 2022 жылдың демалыс күндері өзгерді

Премьер-Министр Асқар Мамин 2021 жылғы 6 қазанда «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды, – деп хабарлады primeminister.kz.

Алматы, NEGE.  «ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді», — делінген 2021 жылғы 6 қазандағы Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады