Қазақстанда 18-ге толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады

Қазақстан бойынша туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді. Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады.

Алматы, NEGE. Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.

"Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады", - деп хабарланды мәдениет және спорт министрлігінен. 

Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін туроператорлардан субсидияға өтініш түспеген. 

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды