Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы жинақ шоты ашылады. 14 желтоқсанда үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

Алматы, NEGE. Вице-министр "Балаларға арналған ұлттық қор" бастамасы 2024 жылы басталатынын айтты.

"18 жасқа дейінгі барлық баланың жеке жинақ шотты болады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шоттардың операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады", - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі.

Бұған қатысты заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.