Қазақстанда жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылады

Отын-энергетика кешенін киберқатерлерден қорғау үшін Қазақстанда мамандандырылған ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылатын болады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қабылданған бұл шешім туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтып берді.

Мұндай құрылымды құру қажеттігі энергетика объектілерін қарқынды цифрландыру аясында киберқатерлердің өсуіне байланысты пайда болған. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық басқаруға көшу ЖЭО сияқты нысандардың жұмыс тиімділігін арттырғанымен, сонымен бірге сырттан араласу қаупін де тудырып отыр.

«Бұл өз алдына жеке маңызды сала болғандықтан, мұнда саланың ерекшелігін, онда қандай құрылғылар барын, қандай үзілістер болатынын білетін мамандар қажет. Міне, осы бағыт пен процестерді түсінетін мамандар ғана барлық маңызды энергетикалық нысандарға жаңа талаптар әзірлеуі керек», – деп атап өтті Дмитрий Мун

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты