Қазақстанда жыл сайын 4 миллионнан астам адамға вакцина егіледі

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде иммунопрофилактика саласында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Соның нәтижесінде жұқпалы аурулармен сырқаттану деңгейі едәуір төмендеген.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Ұлттық иммундау бағдарламасы аясында жыл сайын 4 миллионнан астам қазақстандыққа вакцина салынады. Вакциналаудың нәтижесінде полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген.

Соңғы 34 жыл ішінде эпидемиялық паротитпен сырқаттану 100 есе, А гепатиті – 32 есе, В гепатиті – 92 есе, ал қызамықпен ауыру көрсеткіші 2000 есеге дейін азайған.

Сондай-ақ министрлік сіреспе сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша да сырқаттану деңгейі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды