Қазақстанда жыл сайын 2 мыңнан астам әйелден жатыр мойны обыры анықталады

Жатыр мойны обыры елімізде өзекті медициналық мәселелердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 2 000 әйел осы қатерлі дертке шалдығады, ал әлем бойынша бұл сырқаттан жылына 300 мыңға жуық әйел көз жұмады.

Министрліктің хабарлауынша, аурудың негізгі себебі — жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18-типтері.
Сол себепті вакцинация — аурудың алдын алудың ең тиімді жолы екені атап өтілді.

2025 жылғы мамыр айының өзінде:

  • 138 469 қыз бала (11–13 жас аралығы) АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын,

  • ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.

Мамандар уақытылы екпе алу арқылы жатыр мойны обырының даму қаупін едәуір төмендетуге болатынын еске салады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды