Қазақстанда жемқорлардың жария тізілімі жасалады

Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі.

Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі.

Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады.

Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады.

Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында үш кодекс пен бес заңға түзетулер, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулер енгізіледі.

Жобаның басым бөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты