Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау-қабылдамау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру басталды.

Nege.kz

Астана, NEGE. Референдум бюллетенінде азаматтарға мынадай сұрақ ұсынылған: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»

Дауыс берушілер екі жауап нұсқасының бірін таңдай алады:

– «Иә, қабылдаймын»
– «Жоқ, қабылдамаймын».

Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылған.

Референдум күні еліміз бойынша барлығы 10 402 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Учаскелер таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар Қазақстанның 54 елдегі шетелдік өкілдіктері жанынан 71 учаске ұйымдастырылған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 12 461 796 азамат дауыс беруші ретінде тіркелген.