Қазақстанда жаңа комитет құрылды

Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

«Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған

Депутаттар портреті. Геннадий Шиповских. «Сары бала»

Екібастұз моноқалалар қатарынан шығарылды

«Қылғындырып, қыста далада жалаяқ қалдырды»: ұлдарынан жәбір көрген әке көмек сұрайды