Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Ақорда ақпаратынша, бұл жөнінде Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. Дәдебайдың айтуынша, депутаттар 18 заң қабылдаған және 38 заң жобасы қаралып жатыр. Бұл ретте жаңа Азаматтық кодекспен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталып жатқаны мәлім болды.

Сондай-ақ Құрылтай төрағасы Президентке 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетте өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті.

Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр.

Бұған қоса Президентке заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.